- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті халықаралық бәйгеде 1- ші орынды жеңіп алды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті халықаралық бәйгеде 1- ші орынды жеңіп алды
Солтүстік Кореяда шетелдік студенттер арасында өткен 12- ші эссе және шешендік өнер бәйгесінде Жанаділ Талдыбай үздік нәтиже көрсетті. Халықаралық өнер сайысына Малайзия, Болгария, Ресей, АҚШ, Украина, Индонезия, Монғолия, Қытай, Жапония, Монакко және Руанды өкілдері қатысты.
«Менің тақырыбым Корей мәдениетіне арналды. Жеңіске қол жеткізу оңайға соққан жоқ. Әр қатысушы мықты бәсекелес болды, бірақ мен сөз өнеріммен тақырыбымды кеңінен ашуға тырыстым. Мен осындай үлкен жетістікке ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасының жоғары білікті ұстаздарымнан алған білім арқасында жеттім»,-деді 3 курстың студенті Жанаділ Талдыбаев өз ойымен бөлісіп. Халықаралық бәйгеде үздік деп танылған Жанаділ 1000 АҚШ доллар мөлшеріндегі сыйақымен марапатталды.
Бұл конкурс Корей Республиканың спорт және туризм министрлігінің қолдауымен Ханнам университетінде өткізілді. Шараның негізгі мақсаты - шетелдік студенттер арасында корей тілін меңгеруге ынталандыру және әлем университеттерімен ғылыми және білім қатынастарын орнатып, ынтымақтастықтың түрлерін кеңейту.
ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері халықаралық бәйгелерге үнемі қатысу арқылы өзінің бәсекелестік қабілеттіліктерін дәлелдеп жүр. Жыл сайын Корей Республикасының университеттерінде 30-ға жуық студент пен магистранттар білім алуда. Студенттер өздерінің оқу жоспарларын табысты орындап қана коймай, Қазақстан Республиканның Кореядағы елшісі мен Кореядағы Қазақстан студенттер коғамының қатысуымен Сеулде өткізілетін барлық іс-шараларда қазақ елін лайықты деңгейде көрсетуде.
ҚазҰУ-дың ұжымы Жанаділ Талдыбаев пен Қиыр Шығыс кафедрасын кезекті жеңіспен құттықтайды!