Құттықтаймыз! Ерен еңбек еленді!
2026 жылғы 29 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті, Зоология, гистология және цитология кафедрасының ассистент-профессоры Абдуллаева Багила Айдаровна жоғары марапатқа – «Ерен еңбегі үшін» алтын медаліне ие болды!
Бұл – ғылым мен білім беру саласындағы табанды еңбектің, кәсіби біліктіліктің, жоғары жауапкершілік пен университеттің дамуына қосқан елеулі үлестің лайықты бағасы.
Ғылыми ізденіс жолындағы жетістіктері, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі қажырлы еңбегі және отандық ғылымның өркендеуіне қосып келе жатқан үлесі – зор құрметке лайық.
Бұл марапат – жылдар бойғы адал еңбек пен кәсіби қызметке көрсетілген айрықша құрмет!
Абдуллаева Багила Айдаровнаны осынау жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізге зор денсаулық, сарқылмас шабыт, ғылыми-педагогикалық қызметіңізге толағай табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз! Еңбегіңіздің жемісін көріп, абыройыңыз асқақтай берсін!
Еңбегіңіз еленіп, мерейіңіз үстем болсын!
Басқа жаңалықтар