ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТЫҢДАЛДЫ — ҚазҰУ

ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТЫҢДАЛДЫ

28 қазан 2026
ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТЫҢДАЛДЫ

2026 жылғы 28 қазанда Шығыстану факультетінің деканы М.Ш. Эгамбердиев, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған Жолдауын бірге тыңдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған еліміздің стратегиялық даму бағыттары, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өмірдегі басымдықтар, сондай-ақ болашаққа бағытталған маңызды бастамаларға назар аударылды.

Президент Жолдауы – елдің даму бағдарын айқындайтын, қоғамның әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды стратегиялық құжат. Онда көтерілген мәселелер мен алға қойылған міндеттер еліміздің болашағы үшін ерекше маңызға ие.

Жолдауды бірге тыңдау – ел өміріндегі маңызды оқиғаларға ортақ назар аударып, азаматтық жауапкершілікті сезінудің көрінісі. Әсіресе, білім беру саласының өкілдері мен студент жастар үшін мемлекеттегі өзгерістер мен жаңа бастамалардан хабардар болу, олардың мәнін түсіну және болашаққа саналы көзқарас қалыптастыру маңызды.

Осындай іс-шаралар профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың ортақ азаматтық ұстанымын нығайтып, жастардың ел болашағына деген қызығушылығын арттыруға және қоғамдық өмірге белсенді араласуына ықпал етеді.