Ұлттық құндылықтар – адами капиталды дамытудың негізі
2026 жылғы 30 қазанда Алматы қаласындағы Достық үйінде «Ұлттық құндылықтар – адами капиталды дамытудың негізі. Жаңа парадигмалық көзқарас» атты республикалық ғылыми конференция өтті. Ғалымдар мен педагогтерді, қоғамдық ұйым өкілдерін біріктірген басқосуда ұлттық құндылықтардың қоғам дамуындағы орны мен білім беру ісіндегі маңызы талқыланды.
«Ұлттық құндылықтар академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған конференцияға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырушы серіктес ретінде атсалысты. Жиынға Философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Берікбайұлы Мейрбаев қатысып, ұлттық құндылықтардың адами капиталды дамытудағы маңызы жөнінде сөз сөйледі.
Басқосуда білім мен тәрбиенің сабақтастығы, «Толық адам» тұжырымдамасын жүзеге асыру және ұлттық құндылықтарды педагогикалық тәжірибемен ұштастыру мәселелеріне назар аударылды.
Адами капиталдың сапасы кәсіби біліммен қатар, тұлғаның дүниетанымы, мәдениеті және қоғамдық жауапкершілігі арқылы қалыптасады. Сондықтан ұлттық мұраны жас ұрпақтың өмірлік ұстанымдарымен сабақтастыру – білім беру саласының маңызды міндеті. Конференция осы бағыттағы ғылыми ізденістер мен педагогикалық тәжірибені ортаға салып, өзара пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар