ҚазҰУ студенті «Жылдың үздік студенті» атанды
2026 жылы Астана қаласында өткен «Жылдың үздік студенті» халықаралық форумында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультеті, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының Мұқанова Гүлжанат Амангелдіқызы жетекшілік ететін «Экология» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Халелханова Сағыныш Серікқызы жоғары жетістікке қол жеткізді.
.jpeg)
Білім мен ғылымдағы жетістіктері және қоғамдық белсенділігі үшін Сағыныш Серікқызы «Түркі халықтарының үздік студенті» халықаралық байқауының І дәрежелі дипломымен, арнайы төсбелгімен және «Үздік студент» кубогымен марапатталды. Ал студенттің кураторы Мұқанова Гүлжанат Амангелдіқызы дарынды жастарды қолдауға және олардың білім беру әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы Алғыс хатқа ие болды.

Бұл жетістік -студенттің табанды еңбегі мен куратордың кәсіби қолдауының нәтижесі әрі университет үшін зор мақтаныш.
Басқа жаңалықтар