Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де көшбасшылық дәріс өтеді
2026 жылғы 5 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде PhD докторы Темурхан Аюповтың қатысуымен көшбасшылық дәріс өтеді.
Темурхан Аюпов – Швейцарияның Базель қаласындағы Молекулалық және клиникалық офтальмология институтының (IOB) тәуелсіз зерттеу тобының жетекшісі. Ол митохондрия биологиясы және нейроғылым салаларында зерттеулер жүргізеді. Ғалым 2026 жылы Mitochondrial Innovation Award, UZH Brain Diseases Award, RetinaAward және ProRetina Award марапаттарына ие болып, InfluenceAsia 35 Under 35 және Forbes 30 Under 30 (Қазақстан, 2026) тізімдеріне енген.
Дәріс тақырыбы: «Programmable Delivery of Mitochondria to Specific Cell Types» (Митохондрияларды жасушалардың белгілі бір типтеріне бағдарламаланған түрде жеткізу).
Дәріс барысында митохондриялардың нейрондар қызметіндегі рөлі, көру жүйесі ауруларын емдеудің жаңа терапиялық тәсілдері және іргелі ғылыми зерттеулердің трансляциялық медицинаға енгізілу перспективалары талқыланады.
Өтетін күні: 2026 жылғы 5 қараша
Уақыты: 11:00
Өтетін орны: Биология және биотехнология факультеті, 214-аудитория.
Баршаңызды дәріске қатысуға шақырамыз!
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Басқа жаңалықтар