Менеджмент кафедрасының доценті А.М. Смагулов студенттермен Президент Жолдауын талқылады — ҚазҰУ

Менеджмент кафедрасының доценті А.М. Смагулов студенттермен Президент Жолдауын талқылады

4 қараша 2026
Менеджмент кафедрасының доценті А.М. Смагулов студенттермен Президент Жолдауын талқылады

Менеджмент кафедрасының доценті, э.ғ.к. Аскар Мұратұлы Смагулов «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 4-курс студенттерімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. 

Кездесу барысында Жолдауда айқындалған негізгі бағыттар қарастырылды: халықтық құрылыс арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізу, цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту, жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері және әлеуметтік көмек жүйесін реттеу. Құжатта ұзақ мерзімді мақсаттармен қатар нақты көрсеткіштер мен орындалу мерзімдері белгіленгені атап өтілді. 

Студенттер Жолдаудың жастар үшін заманауи білім алуға және жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға жол ашатынын айтты. Ұсынылған реформалар толық әрі уақтылы жүзеге асырылса, оның жемісін бүкіл ел көретіні сөзсіз. Талқылау қорытындысында студенттер Жолдауды қолдайтындарын және оны жүзеге асыруға өз үлестерін қосуға дайын екендерін білдірді.