«ТДМ-дарды жүзеге асыру: кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру: идеядан докторлық диссертацияны қорғауға дейін» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар — ҚазҰУ

«ТДМ-дарды жүзеге асыру: кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру: идеядан докторлық диссертацияны қорғауға дейін» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар

2 қараша 2026
«ТДМ-дарды жүзеге асыру: кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру: идеядан докторлық диссертацияны қорғауға дейін» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар

2026 жылғы 2 қарашада сағат 15:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультетінің 3–2 аудиториясында Түркітану және тіл теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясында «ТДМ-дарды жүзеге асыру: кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру: идеядан докторлық диссертацияны қорғауға дейін» атты дәстүрлі ғылыми-методологиялық семинар өтті.

   Семинарды кафедра профессоры, филология ғылымдарының докторы Гүлмира Баянжанқызы Мадиева модерациялап, жас ғалымдар мен зерттеушілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, академикалық дербестікті қалыптастыру және докторлық диссертацияларды сапалы дайындау мәселелері бойынша негізгі баяндама жасады.

      Іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ келесі білім беру бағдарламаларының докторанттары мен магистранттары белсене қатысты:

- «6D011900 / 8D01704 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының докторанттары;

- «8D02303 – Лингвистика» білім беру бағдарламасының докторанттары;

- «8D02208 – Түркология» білім беру бағдарламасының докторанттары;

- «7M02303 – Лингвистика» білім беру бағдарламасының магистранттары.

  Семинардың басты мақсаты – білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік құзыреттілігін кешенді дамыту, диссертациялық зерттеудің концептуалды идеясынан бастап оны сәтті қорғауға дейінгі кезеңдерді методологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық ғылыми стандарттарға сай зерттеу әдістерін талқылау.

    Семинар барысында зерттеу жұмысын заманауи ғылыми парадигмаларға сай жоспарлау, ғылыми аппаратты дұрыс қалыптастыру, лингвистикалық және түркологиялық зерттеулердің озық әдістерін таңдау, академикалық адалдық қағидаттарын сақтау және диссертациялық материалдарды халықаралық басылымдарда жариялау мәселелері егжей-тегжейлі сарапқа салынды. Қатысушылар өздерінің ғылыми ізденістерімен бөлісіп, профессор-оқытушылар құрамынан құнды ғылыми-методикалық кеңестер алды.

     Жиын қорытындысында жас ғалымдардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы жүйелі тәсілдің маңыздылығы атап өтіліп, докторанттар мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын әрі қарай жетілдіруге арналған нақты ұсыныстар берілді.

      Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Р.А. Авакова ,; түркітану және тіл теориясы кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Г.Б. Мадиева, ; Қондыбаева Раушан Жұмакерімқызы PhD.. доцент м.а. түркітану және тіл теориясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к.; түркітану және тіл теориясы кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, PhD, аға оқытушы Н.А. Исмаилова, түркітану және тіл теориясы кафедрасы меңгерушісінің тәрбие-тәртіп  және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Кузембекова Жанна Жалайыровна, PhD, қауымдастырылған профессор.