Алтын Орда тарихы бойынша 100 сұрақ — ҚазҰУ

Алтын Орда тарихы бойынша 100 сұрақ

2 қараша 2026
Алтын Орда тарихы бойынша 100 сұрақ

2026 жылы 19 мамыр Астана төрінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «Алтын Орда - дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық ғылыми симпозиум отандық ғылымның көжігін жаңа деңгейге көтерген еді. Бүгін міне 2026 жылы 2 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, әл-фараби кітапханасы Абай залында география факультетінің 6В07304-кадастр студенттері арасында айрықша талқылаудың жалғасы болды. Бұл шараның маңызын «Алтын Орда тарихы бойынша 100 сұрақ» интеллектуалды жобасы аясында зерттеп, қызу талқыға салуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Алтын Орданың мемлекеттік үлгісіне тоқталып: «Жошы ұлысы өзінің гүлдену дәуірінде 6 миллион шаршы шақырымнан астам аумақты алып жатты, ал Жошы ұрпақтарының билігі алты ғасырдан астам уақытқа созылды. Онда бірыңғай сауда, салық және құқықтық тетіктер жұмыс істеді» деп атап өткен еді. Сондықтанда бұл болашақ география, тарих, заңгерлер мен халықаралық

қатынастар басқада студенттер үшін дала өркениетінің құқықтық институттары мен дипломатиялық байланыстарын тереңірек зерделеуге берілген үлкен бағыт болып саналады. Сондықтанда, Алтын Орданың мемлекеттік тұрақтылығын мықты құқықтық жүйе мен далалық, исламдық және түркілік дәстүрлердің үйлесімі қамтамасыз етті.

КазНУ-дың жас тарихшылары мен зерттеушілері үшін бұл жиынның басты жаңалығы ретінде симпозиумда таныстырылған 70-тен астам археологиялық және сәулеттік ескерткішті қамтитын интерактивті 3D-картаны атауға болады.  Университет қабырғасында студенттер арасында ұйымдастырылып жатқан «100 сұрақ» жобасы дәл осы Президент атап өткен саясиланбаған, таза академиялық және объективті тарихи шындықты ашуға бағытталды.

Қорыта айтқанда, Алтын Орда — біздің мемлекеттілігіміздің алтын діңгегі. Симпозиумда қабылданған халықаралық Қарар мен Мемлекет басшысының бағдарламалық сөзі КазНУ студенттеріне өз елінің тарихын тереңірек танып, ұлттық бірегейлікті асқақтатуға жаңа серпін береді. Болашақ ғалымдар мен ел тұтқасын ұстар жастар ретінде бұл ұлы мұраны цифрлық әлемде дәріптеу біздің қастерлі парызымыз деп санаймыз.

 

Ұйымдастырушысы: т.ғ.к., Арынов Ж.М т.ғ.к., Ноянов Е.Н.