- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Кітап оқитын ұлт»: студенттер арасында оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шара өтті.
«Кітап оқитын ұлт»: студенттер арасында оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шара өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің №17 студенттер үйінде Тұрақты даму бағдарламасы аясында «Кітап оқитын ұлт» жобасы бойынша танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараны Филология факультеті, А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының доцент м.а., PhD Жанат Сәрсенбай өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – студенттер арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, рухани-танымдық құндылықтарды дәріптеу және зияткерлік әлеуетті дамыту.
Іс-шара барысында кітап оқудың тұлғалық дамуға, дүниетанымның кеңеюіне, тілдік қор мен ойлау мәдениетінің қалыптасуына ықпалы сөз болды. Сонымен қатар көркем әдебиеттің адамгершілік құндылықтарды ұстанудағы, ұлттық дүниетаным мен рухани сабақтастықты сақтаудағы маңызына назар аударылды.
Студенттер кітап оқудың жеке тұлға қалыптастырудағы рөлі туралы ой бөлісіп, өздерінің оқырмандық тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу аясында жастарды жүйелі түрде кітап оқуға баулу, оқыған шығармаларын талдау және әдеби талғамын дамыту мәселелері талқыланды.
«Кітап оқитын ұлт» бастамасы – білімді, парасатты, рухани бай ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам. Осындай танымдық кездесулер студенттердің кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқу мәдениетін күнделікті өмір салтына айналдыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар