- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ-4. ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ҚАРАПАЙЫМ 10 ҚАДАМ: ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА!
ТДМ-4. ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ҚАРАПАЙЫМ 10 ҚАДАМ: ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА!
Табиғи және техногендік қауіп-қатерлер (ТТҚҚ) мамандығының 2-курс студенттерімен «Жер сілкінісі кезіндегі қарапайым 10 қадам» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.
Кездесу барысында жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету, сабыр сақтау, қауіпсіз орын таңдау, ғимараттан қауіпсіз шығу және төтенше жағдай кезіндегі негізгі сақтық шаралары туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар студенттер өз ойларымен бөлісіп, жер сілкінісі кезінде өздерін қалай ұстағандары, қандай сезімде болғандары және осындай жағдайда қандай әрекеттерге мән беру керектігі туралы пікір алмасты. Бұл тәжірибелерімен бөлісу қауіпсіздік ережелерінің маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – болашақ мамандардың төтенше жағдайларға дайындығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және табиғи апат кезіндегі жауапкершілікті сезіндіру.
Жер сілкінісін тоқтату мүмкін емес, бірақ оған дайын болу және дұрыс әрекет ету арқылы адам өмірін сақтап қалуға болады!
Басқа жаңалықтар