ҚАЗҰУ ТҮЛЕГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН ЖАҢА РОБОТОТЕХНИКА ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ! — ҚазҰУ

ҚАЗҰУ ТҮЛЕГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН ЖАҢА РОБОТОТЕХНИКА ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ!

5 қараша 2026
ҚАЗҰУ ТҮЛЕГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН ЖАҢА РОБОТОТЕХНИКА ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ!

2026 жылғы 4 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Robotics орталығында FIRST Robotics Competition (FRC) робототехника зертханасының салтанатты ашылуы өтті.

 Жаңа зертхана ҚазҰУ түлегі, «Скиф Сауда» ЖШС құрылтайшысы Динара Тұрсынбекқызы Зиманованың демеушілігімен ашылды.

Салтанатты шараға университет басшылығы, оқытушылар, студенттер және робототехника саласының жас өнертапқыштары қатысты.

Кездесу барысында қонақтар жаңа зертхананың мүмкіндіктерімен танысып, роботтардың жұмысын тамашалады. Сондай-ақ FIRST Championship 2027 халықаралық жарысына дайындық жоспары таныстырылып, жас робототехниктердің болашақ жобалары мен даму мүмкіндіктері талқыланды.

 Бұл зертхана – оқушылар мен студенттердің инженерлік қабілеттерін дамытуға, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға және халықаралық робототехника жарыстарына дайындалуына арналған жаңа мүмкіндік.

Университет түлегінің туған оқу ордасына қолдау көрсетуі – ұрпақтар сабақтастығы мен білімге деген жанашырлықтың жарқын үлгісі!

ҚазҰУ-дың дамуына, жас таланттардың болашағына инвестиция жасап, игі бастамаға демеушілік көрсеткен Динара Тұрсынбекқызына шынайы алғысымызды білдіреміз!

ҚазҰУ түлектері – университетіміздің мақтанышы әрі болашаққа бастар игі істердің қолдаушысы! 

Автор: Механика-математика факультетінің 

әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі

 декан орынбасары,

 PhD, ассистент-профессор Б.И. Ахметова