PVAMU — ҚазҰУ

PVAMU

5 қараша 2026
PVAMU

2026 ж қазан айының 5-і мен 12-сі аралығында Prairie View A&M университетіне (PVAMU) іс-сапармен барып, жаратылыстану және есептеу ғылымдары факультетінің математика кафедрасының ғылыми коллоквиумінде «Efficient implementation of Newton′s method for linear classification models with hardmax loss» тақырыбында баяндама жасадым. Жасанды интеллект саласындағы зерттеу нәтижелеріммен, атап айтқанда, машиналық оқытудың классификация есебін шешуге арналған Ньютон қадамдарын эффективті жүзеге асыру әдісімен бөлістім. Эмпирикалық тәуекел функциясындағы softmax потециалын hardmax-пен ауыстыру арқылы есептеу ресурстарының шығындарын азайтуға мүмкіндік берген сирек блоктық факторизация үшін жеткілікті болатын гессиан құрылымы алынған. Баяндама американдық әріптестердің үлкен қызығушылығын тудырып, ерекше баяндама және PVAM университетінің математика кафедрасының семинарының жұмысына қосқан үлесі үшін деп алғыс хатпен (Certificate of Appreciation) марапаттады.

          PVAMU - Техас штатының Прери-Вьюдегі 150 жылдық тарихы бар зерттеу университеті. Университет 9 колледж бен факультетте 70-тен астам білім беру бағдарламаларын ұсынады және бакалавр, магистр және ғылым докторы дәрежелерін беруге мүмкіндік беретін аккредитацияға ие оқу орны.

          Университеттің жеке диагностикалық тестілеуді, оқу процесінде қажетті жағдайлар мен бейімделулерді, көмекші технологияларды ұсынуы және қосымша қолдау алу үшін студенттерді университеттің тиісті бөлімшелеріне және сыртқы ұйымдарға жіберуді қамтамасыз етуі арқылы инклюзивті білім беру ортасын құрып отырғандығы айта келетін факт.

          PVAM университетінің математика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы математикалық модельдеу, жаппай қызмет көрсету теориясы, статистика, математикалық білім беру, кескінді өңдеу сияқты әртүрлі салалардағы зерттеулермен, сондай-ақ инженерия және білім беру факультеттерінің ғалымдарымен бірлесе отырып пәнаралық зерттеулермен айналысады.

          PVAM университетінің математика кафедрасында Applications and Applied Mathematics: An International Journal (AAM) атты халықаралық ғылыми журнал шығарылады.

          Сонымен қатар, жақында профессор С.А. Айсагалиевпен және Д.Е. Нурмагамбетовпен авторлық бірлестігіміздің «Linear Integro-differential Equations with Boundary Conditions on a given Convex Closed Set» атты мақаламыз AAM журналында жариялауға қабылданды.

 

 

                     Механика-математика факультетінің

                     математика кафедрасының қауымдастырылған профессоры,

                     физика-математика ғылымдарының кандидаты

                     Кабидолданова Асем Алтайқызы