- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Заңға бағыну – қоғам тұрақтылығының кепілі» тақырыбында дәріс өтті
«Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Заңға бағыну – қоғам тұрақтылығының кепілі» тақырыбында дәріс өтті
2026 жылғы 5 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті, Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Заңға бағыну – қоғам тұрақтылығының кепілі» тақырыбында студенттерге арналған танымдық дәріс өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті нығайту және қоғамдағы заң мен тәртіптің маңызын түсіндіру.
Дәріс барысында заңның қоғам өміріндегі рөлі, Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы теңдік, құқық бұзушылықтың салдары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері кеңінен қарастырылды.
_mlq9dru.jpg)
Сонымен қатар қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі заң үстемдігінің маңызы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру жолдары және жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігі түсіндірілді. Студенттерге күнделікті өмірде кездесетін құқықтық жағдайлар мысалға келтіріліп, заң талаптарын сақтаудың жеке адам мен қоғам қауіпсіздігі үшін маңызы атап өтілді.
Іс-шара барысында студенттер өз пікірлерін білдіріп, құқықтық мәселелер бойынша ой бөлісті. Заңды құрметтеу, өз құқықтарын білу және өзгенің құқықтары мен бостандықтарын сақтау әрбір азаматтың маңызды міндеті екеніне ерекше назар аударылды.
Дәріс қорытындысында заңға бағыну – тек құқықтық міндет қана емес, сонымен қатар әділетті, қауіпсіз және тұрақты қоғам қалыптастырудың негізгі кепілі екені атап өтілді.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық санасын дамытуға, азаматтық ұстанымын нығайтуға және заң мен тәртіп қағидаттарын күнделікті өмірде ұстануға ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар