Қызмет сапасын басқару және клиенттердің қанағаттануын бағалау — ҚазҰУ

Қызмет сапасын басқару және клиенттердің қанағаттануын бағалау

5 қараша 2026
Қызмет сапасын басқару және клиенттердің қанағаттануын бағалау

4 қараша күні «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері үшін «Мейрамхана ісінің негіздері» пәні аясында Novotel қонақ үйінің мейрамханасында аудиториядан тыс сабақ ұйымдастырылды.

Сабақтың мақсаты — студенттерді мейрамхана қызметін ұйымдастыру ерекшеліктерімен, заманауи қызмет көрсету стандарттарымен және келушілердің қанағаттану деңгейін бағалау әдістерімен таныстыру.

Сабақ барысында студенттер мейрамхана жұмысының ұйымдастырылуымен, қонақтарға қызмет көрсету ерекшеліктерімен, сервис сапасының стандарттарымен және қызметкерлер мен келушілер арасындағы өзара қарым-қатынас қағидаларымен танысты. Сонымен қатар қызмет көрсету сапасын бағалау, клиенттердің қажеттіліктерін анықтау, пікірлер мен ұсыныстарды талдау, кері байланыспен жұмыс істеу және келушілердің қанағаттану деңгейін арттыру жолдары қарастырылды.

Тәжірибелік сабақ студенттерге мейрамхана сервисінің жұмысымен жақынырақ танысуға, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға және мейрамхана қызметін ұйымдастырудың нақты қырларын зерделеуге мүмкіндік берді. Осындай аудиториядан тыс сабақтар болашақ мейрамхана және қонақ үй бизнесі мамандарының кәсіби дағдылары мен тәжірибелік құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етеді!

Жауапты оқытушылар: Алиева Ж.Н., Мәден А.Н., Қалиева А.Б.