Қиыр Шығыс кафедрасының корей бөлімінің студенттері K-Animation Week аясында корей анимациялық фильмінің көрсетіліміне қатысты — ҚазҰУ

Қиыр Шығыс кафедрасының корей бөлімінің студенттері K-Animation Week аясында корей анимациялық фильмінің көрсетіліміне қатысты

4 қараша 2026
Қиыр Шығыс кафедрасының корей бөлімінің студенттері K-Animation Week аясында корей анимациялық фильмінің көрсетіліміне қатысты

2026 жылғы 4 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының корей бөлімінің студенттері Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулдығы ұйымдастырған K-Animation Week мәдени іс-шарасына қатысты. Аталған іс-шара «Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитіне дайындық аясында өткізілді.

Іс-шара Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық театрында өтті. Бағдарлама салтанатты ашылу рәсімі мен құттықтау сөздерден басталды. Ресми бөлімде Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі Абаган А.Б. сөз сөйлеп, Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы мәдени ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараның басты бөлімі корейдің «Муннёдо» (무녀도) анимациялық фильмінің көрсетілімі болды. Көрермендерге фильм орыс және қазақ тілдеріндегі субтитрлермен екі рет ұсынылды.

Іс-шараның өткізілуіне Қиыр Шығыс кафедрасы корей бөлімінің жоғары курс студенттері ерекше үлес қосты. Олар анимациялық фильмнің субтитрлерін корей тілінен қазақ тіліне аударды. Бұл жұмыс студенттерге кәсіби аударма дағдыларын тәжірибеде қолдануға және қазақстандық көрермендер арасында корей мәдениетін насихаттауға мүмкіндік берді.

Бағдарлама аясында корей ұлттық тағамдарынан дәм тату (K-Food), фильм режиссері Ан Джэ Хунмен кездесу, сондай-ақ субтитрлерді аударуға қатысқан студенттерге естелік сыйлықтар табыстау рәсімі ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара мәдени алмасуды дамытуға, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.