Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Колледж студенттеріне «Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді. Құқықтану мамандығының 3-курс  студенттері арасында тұрақты даму мәселелері талқыланды — ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Колледж студенттеріне «Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді. Құқықтану мамандығының 3-курс  студенттері арасында тұрақты даму мәселелері талқыланды

3 қараша 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Колледж студенттеріне «Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.  Құқықтану мамандығының 3-курс  студенттері арасында тұрақты даму мәселелері талқыланды

 

     Колледждің «Құқықтану» мамандығының студенттері үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ЦУР) арналған ақпараттық дәріс өткізілді.

    Іс-шараның негізгі бағыты – білім алушыларды әлемдік деңгейдегі маңызды даму бастамаларымен таныстыру, тұрақты болашақты қалыптастырудағы әрбір азаматтың орнын түсіндіру және жаһандық өзгерістерге қатысты студенттердің танымын кеңейту.

    Дәріс аясында 2030 жылға дейінгі тұрақты даму күн тәртібі және оның 17 негізгі бағыты қарастырылды. Студенттер кедейлікті төмендету, халықтың әл-ауқатын жақсарту, сапалы білімге қол жеткізу, гендерлік теңдік, табиғи ресурстарды сақтау, экологиялық қауіпсіздік пен бейбіт қоғам қалыптастыру мәселелері жөнінде мәлімет алды.Сонымен бірге тұрақты даму идеяларын жүзеге асыруда жастардың белсенділігі, құқықтары мен мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және қоғам игілігі үшін жауапты шешім қабылдау мәселелеріне назар аударылды.

Қорытындылай келе, дәріс соңында студенттер тақырып бойынша өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Бұл дәріс барысында  жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, экологиялық санасын қалыптастыруға және тұрақты даму құндылықтарын насихаттауға бағытталды.

 

Ұйымдастырушылар: Орынбасар М.Т., Каупенбаева С.М., Балтымова М., Кудайбергенов С.