«Жұмыспен қамту, барлығына лайықты жұмыс және әлеуметтік қорғау» — ҚазҰУ

«Жұмыспен қамту, барлығына лайықты жұмыс және әлеуметтік қорғау»

31 қазан 2026
«Жұмыспен қамту, барлығына лайықты жұмыс және әлеуметтік қорғау»

2026 ж. қазанның 31 жұлдызында  шетел тілдері кафедрасының оқытушысы Ә.К. Шаяхмет және клиникалық психология мамандығының магистранты А.Б. Оразалиева университетіміздің Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастық және тұрақты даму мақсатына қол жеткізу жобасын жүзеге асыру аясында ағылшын тілде ТДМ 8. Лайықты жұмыс және экономикалық өсу мақсаттарына қол жеткізу жобасын жүзеге асыру аясында ағылшын тілде Канададан шақырылған спикермен ««Жұмыспен қамту, барлығына лайықты жұмыс және әлеуметтік қорғау» атты магистранттар конференциясын өткізіп шықты. Ағылшын тілін кәсіби мақсаттар үшін оқытуда көптеген сұрақтар жұмыс мәселесіне қатысты екені белгілі. Пайдалы іс-шараға философия және саясаттану факультетінің магистранттары белсенді түрде қатысты. Айнель Оразалиева мен Айжан Сапарбек ағылшын тілінде табысты қызметкерлермен сұхбаттасып, интервью жазып алып, барлық магистранттарға көрсетті. Негізгі спикерлер ретінде канадалық банкир Диего мырза және табысты инженер Диан Маро мырза шақырылған. Талқылау кезінде магистранттар жалпы дүниедегі болып жатқан жағдаят туралы сөз қозғап, жұмыс атқару кезінде болатын жан жақты шарттарға дайын болу керек екенін айтып шықты. Спикерлердің тақырыбын жалғастыра кетіп, Қазақстандағы жұмыс және әлеуметтің тығыз байланысы, жұмыс атқару барысында ерекшеліктері, сонымен қоса, экономикалық өсу мақсатына не істеуіміз керек, деген мәселелер талқыланып, магистранттар өз көзқарастарын білдірді. Осындай форматтағы әңгімелер магистранттарға көп нәрсеге үйрететінін, мансап құру үшін пайдалылығы туралы пікірлер айтылды. Қатысушылардың арасында Қытай мен Моңғолиядан келген магистратурада оқитын студенттеріміз де болды, олар басқа елдердегі жұмыспен қамту жағдайы туралы айтып берді.