Өндірістегі практикалық сабақ: полимерлерді өңдеудің заманауи технологияларымен танысу — ҚазҰУ

Өндірістегі практикалық сабақ: полимерлерді өңдеудің заманауи технологияларымен танысу

6 қараша 2026
Өндірістегі практикалық сабақ: полимерлерді өңдеудің заманауи технологияларымен танысу

Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының оқытушылары Уркимбаева П.И., Токтабаева А.К., Кенесова З.А., Махаева Д.Н., Калдыбеков Д.Б., Агибаева Л.Э. және Аликулов А.Ж. «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», «Тағамдық химия» және «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған «ДорпластИнвест» зауытының өндірістік алаңында практикалық сабақ ұйымдастырды.

Сапар барысында студенттер полимер материалдарын өнеркәсіптік өңдеудің ерекшеліктерімен танысып, қысыммен құю және экструзия технологиялық процестерін зерттеді. Сонымен қатар өндірістік жабдықтардың жұмысын көріп, полимер өнімдерін өндірудің негізгі кезеңдерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Мұндай практикалық сабақтар студенттерге теориялық білімдерін нақты өндірістік процестермен ұштастыруға, кәсіби ой-өрісін кеңейтуге және полимер өнеркәсібіндегі заманауи технологиялар туралы түсініктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру аясында өткізілді:

ТДМ 4. Сапалы білім – сапалы білім беруді қамтамасыз ету және студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған практикалық оқыту мүмкіндіктерін кеңейту.

ТДМ 9. Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым – тұрақты өнеркәсіпті дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және білім беру мен өндіріс секторы арасындағы байланысты нығайтуға жәрдемдесу.

«ДорпластИнвест» зауытының ұжымына қонақжайлылығы, практикалық сабақты ұйымдастыруға қолдау көрсеткені және студенттерге нақты өндірістік процестермен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреміз!