- Басты бет
- Жаңалықтар
- Зоология, гистология және цитология кафедрасының магистранттары министрлік дипломдарымен марапатталды!
Зоология, гистология және цитология кафедрасының магистранттары министрлік дипломдарымен марапатталды!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті, Зоология, гистология және цитология кафедрасының 7М05101 – «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын магистранттары 2026 жылғы магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары (МҒЗЖ) конкурсында жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.2026 жылы аталған білім беру бағдарламасы бойынша өткізілген конкурсқа жоғары оқу орындарынан ғылыми жұмыстар ұсынылып, конкурстық комиссия тарапынан олардың ғылыми жаңалығы, өзектілігі, зерттеу нәтижелері мен практикалық маңыздылығы бағаланды.
Конкурс қорытындысы бойынша кафедра магистранттары төмендегідей марапаттарға ие болды:
I дәрежелі диплом
Баққожа Жарқын – Биология және биотехнология факультетінің 2-курс магистранты. Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Қапшағай су қоймасындағы каспий қаракөзі Rutilus caspicus (Yakovlev, 1870) популяциясының құрылым ерекшелігін және кеңістіктегі таралуын зерттеу». Ғылыми жетекшісі – PhD, ассистент профессор Шарахметов С.Е.
II дәрежелі диплом
Асхар Аружан – Биология және биотехнология факультетінің 2-курс магистранты. Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Исследование влияния поверхностных вод реки Иле на рост и развитие Danio rerio». Ғылыми жетекшісі – биология ғылымдарының докторы, профессор Шалахметова Т.М.
III дәрежелі диплом
Мухаметқали Аяулым – Биология және биотехнология факультетінің 2-курс магистранты. Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Туған жердің биоалуантүрлілігін зерттеу арқылы патриоттық тәрбиені дамыту». Ғылыми жетекшісі – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сапарғалиева Н.С.
Әлиәкім Аружан – Биология және биотехнология факультетінің 2-курс магистранты. Ғылыми жұмысының тақырыбы: ««Спортшының спорттық қасиеттеріне жауап беретін генетикалық маркерлерді талдау: жылдамдық, икемділік,күш,төзімділік». Ғылыми жетекшісі – биология ғылымдарының кандидаты, ассистент профессор Абдуллаева Б.А.
Магистранттардың бұл жетістіктері кафедрада жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелілігін, жас зерттеушілердің ғылыми ізденіске деген қызығушылығын және ғылыми жетекшілердің жүйелі еңбегін көрсетеді.
Зоология, гистология және цитология кафедрасы магистранттарды және олардың ғылыми жетекшілерін лайықты марапаттарымен құттықтайды! Алдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына табыс, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!
Басқа жаңалықтар