«Менің бүгінгі таңдауым – менің болашағым»
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде «Менің бүгінгі таңдауым – менің болашағым» атты ойын форматындағы кәсіптік бағдар сабағы өтті. Сабақ барысында тыңдаушылар өз қызығушылықтары мен қабілеттерін болашақ мамандығымен байланыстырып, алға қойған мақсатына жету үшін бүгін қандай қадам жасай алатынын талқылады.
Ойынның негізгі тапсырмаларының бірі «Болашақ ағашын» жасау болды. Осылайша әр қатысушының жеке ойы ортақ талқылауға ұласты. Тыңдаушылар өздерін қандай іспен айналысқанда еркін сезінетінін, қандай мамандыққа қызығатынын және сол бағытта нені үйренгісі келетінін ортаға салды.
Сабақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – «Сапалы білім» және 10-мақсаты – «Теңсіздікті азайту» аясында ұйымдастырылды. Ойын форматы әр тыңдаушыға өз ойын білдіруге, өзгелердің таңдауымен танысуға және өзіне маңызды мақсатты айқындауға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар