ҚазҰУ студенттері бокстан Қазақстан чемпионы атанды — ҚазҰУ

ҚазҰУ студенттері бокстан Қазақстан чемпионы атанды

7 қараша 2026
ҚазҰУ студенттері бокстан Қазақстан чемпионы атанды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті медицина және денсаулық сақтау факультетінің студенттері Бақыт Сейдіш, Мұхит Нұрқабылұлы және Нұрбек Мұрсал Тараз қаласында өткен ересектер арасында бокстан Қазақстан чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

75 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Нұрбек Мұрсал және 70 келі салмақ дәрежесінде бокстасқан Бақыт Сейдіш қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды. Ал Мұхит Нұрқабылұлы 70 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын иеленіп, чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

Биылғы додаға еліміздің 20 өңірінен 370-ке жуық үздік боксшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Байрақты бәсекеде ҚазҰУ студенттерінің жоғары нәтиже көрсетуі – табандылық пен қажырлы еңбектің нәтижесі.

Университетіміздің спортшы студенттерін жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі