Математика кафедрасында кезекті ғылыми семинар өтті — ҚазҰУ

Математика кафедрасында кезекті ғылыми семинар өтті

27 қазан 2026
Математика кафедрасында кезекті ғылыми семинар өтті

2026 жылғы 26 қазанға жоспарланған ғылыми семинар демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты бір аптаға ауыстырылып, 2 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Механика-математика факультетінің Математика кафедрасында өткізілді.

Магистранттар мен докторанттарға арналған ғылыми семинарда келесі білім алушылар диссертациялық зерттеулерінің негізгі бағыттары бойынша баяндама жасады:

- Ескалиева Наргиз Рашитқызы – «Параболалық теңдеу үшін локалды емес қосымша шартты кері есептің шешімділігі және оны сандық орындау»;
- Куандыков Айсултан Бекжанұлы – «Адвекция-диффузия-реакция теңдеуі үшін кері есеп»;
- Қайырбек Олжас – «Әртүрлі өлшемді көпбейнелерден құралған стратификацияланған континуумдардың динамикалық тербелістері»;
- Жумартова Балжан – «Экономикалық параметрлердің векторлық динамикалық қатарының интегралдық моделі және болжамы»;
- Аяп Әсет Бахытбекұлы – «Фредгольм интегралдық-дифференциалдық теңдеуі үшін сызықтық емес шеттік есепті зерттеу және шешімін құру»;
- Адилбекова Жанель Жалгасовна – «Өзгешеленетін гиперболалық теңдеу үшін бастапқы-шеттік есептің шешімділігі және оның сандық шешімі».

Баяндамашылар зерттеу тақырыптарының өзектілігін, ғылыми жұмыстарының мақсаты мен міндеттерін, қолданылған математикалық әдістерді және алынған нәтижелерді таныстырды.

Семинар барысында қатысушылар ұсынылған ғылыми жұмыстар бойынша пікір алмасып, сұрақтар қойып, зерттеулерді одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын білдірді. Ғылыми семинар магистранттар мен докторанттардың зерттеу дағдыларын дамытуға, академиялық пікірталас мәдениетін қалыптастыруға және жас зерттеушілер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Математика кафедрасында мұндай ғылыми семинарлар білім алушылардың зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру және ғылыми нәтижелерін талқылау мақсатында тұрақты түрде өткізіледі.

Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында ТДМ 4 – «Сапалы білім», ТДМ 9 – «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» және ТДМ 17 – «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік» бағыттарына сәйкес келеді.

Математика кафедрасының меңгерушісі: Тлеулесова А.М.  
Кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары: Буканай Н.Ұ.