«Қытайтанудың методологиялық мәселелері» атты тақырыпта конференция өтедіFarabi University

«Қытайтанудың методологиялық мәселелері» атты тақырыпта конференция өтеді

25 қазан, 2016


ҚазҰУ, Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығы, Қазақстан қытайтанушылар ассоциациясы қоғамдық бірлестігі «Қытайтанудың методологиялық мәселелері» атты тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференцияға республика көлеміндегі қытай тілін оқыту және қытайды зерттеумен шұғылданатын оқытушылар мен зерттеуші мамандарды шақырамыз. Конференцияда келесі мәселелер талқылауға ұсынылады:

1.    Қытай тілін оқытудың методологиялық мәселелері;
2.    Қытай тілін оқытуға жаңа инновоциялық технологияларды қолдану әдістері;
3.    Қытайды зерттеудің методологиялық мәселелері;
4.    Қытайдың жазба деректерін ғылыми айналымға енгізудің методологиялық мәселелері.



Конференция күні «Қытайтанушылар ассоциациясы» Қоғамдық бірлестігі құрылтайшыларының 1-отырысы өтеді. Күн тәртібінде:

1.    Қоғамдық бірлестіктің Басқарма мүшелерін сайлау;
2.    Ассоциация құрамына жаңа мүшелер қабылдау.

   
Конференция 2016 жылдың 25 қарашасында өтеді,  қатысушыларды тіркеу – сағ. 09:30

Өтетін орны: Алматы қаласы, Қарасайбатыр көшесі – 95 (Масанши көшесінің қиылысы), Шығыстану факультеті Қытайды зерттеу орталығы  (№ 406 кабинет, 4 қабат).

Ақпараттық хат қаз.doc