Математика кафедрасының магистранттары Қытайда халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтуде — ҚазҰУ

Математика кафедрасының магистранттары Қытайда халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтуде

7 қараша 2026
Математика кафедрасының магистранттары Қытайда халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтуде

2026 жылғы 26 қазан мен 9 қараша аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Механика-математика факультеті Математика кафедрасының магистранттары Қытай Халық Республикасының Тяньцзинь қаласында халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтуде.

Тағылымдама Тяньцзинь педагогикалық университеті (Tianjin Normal University) ұйымдастырған *«Intelligent Education Integration: Generative Artificial Intelligence and Teaching Innovation»* халықаралық жазғы мектебі аясында өткізіліп жатыр.

Халықаралық бағдарламаға Математика кафедрасының келесі 2-курс магистранттары қатысуда:

- Мырзақұлов Рабби Бағланұлы – «7М05407 – Математика (РШАУ)» білім беру бағдарламасы;
- Құнанбаева Арайлым Қаирғазықызы – «7М05407 – Математика (РШАУ)» білім беру бағдарламасы;
- Әбдіқадыр Ботагөз Құттыбекқызы – «7М05407 – Математика (РШАУ)» білім беру бағдарламасы;
- Қуаныш Ардақ – «7М05402 – Математика» білім беру бағдарламасы;
- Қазан Сымбат – «7М05402 – Математика» білім беру бағдарламасы.

Халықаралық мектеп бағдарламасы генеративті жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу, оқытудың инновациялық әдістерін дамыту, цифрлық технологияларды ғылыми зерттеулерде пайдалану және интеллектуалды білім беру жүйелерін жетілдіру мәселелерін қамтиды.

Тағылымдама барысында магистранттар дәрістер мен практикалық сабақтарға қатысып, генеративті жасанды интеллект құралдарын білім беру мен ғылыми зерттеулерде қолданудың заманауи тәсілдерімен танысуда. Сонымен қатар олар шетелдік оқытушылармен және білім алушылармен тәжірибе алмасып, халықаралық академиялық және ғылыми байланыстар орнатуда.

Іс-шараға қатысуға байланысты екі жаққа ұшу, тұру және тамақтану шығындары Шаньдун Ғылым академиясының Автоматика институты тарапынан өтеледі.

Халықаралық ғылыми тағылымдама магистранттардың кәсіби және зерттеушілік құзыреттерін арттыруға, академиялық ұтқырлығын дамытуға және жасанды интеллект саласындағы заманауи білімдерін тереңдетуге ықпал етеді.

Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында ТДМ 4 – «Сапалы білім», ТДМ 9 – «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» және ТДМ 17 – «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік» бағыттарына сәйкес келеді.

Математика кафедрасының меңгерушісі: Тлеулесова А.М.  
Кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары: Буканай Н.Ұ.