Тақырыбы: «Дроперлік – оңай ақша емес, үлкен жауапкершілік!»
Өткізілген күні: 06.11.2026 ж.
Тұрақты даму мақсаты: ЦУР-16 – Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар.
Бүгін студенттер арасында «Дроперлік – оңай ақша емес, үлкен жауапкершілік!» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында дроперлік ұғымы, оның қаржылық алаяқтықпен байланысы, дропер болудың құқықтық салдары және жастардың мұндай заңсыз әрекеттерге абайсызда араласып кету қаупі түсіндірілді. Сонымен қатар студенттерге банк карталары мен жеке деректерін бөгде адамдарға бермеу, күмәнді қаржылық ұсыныстардан сақ болу жөнінде ақпарат берілді.
Қорытынды: Кураторлық сағаттың мақсаты – студенттердің құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржылық алаяқтықтың алдын алу және заң алдындағы жауапкершілікті түсіндіру. Іс-шара ЦУР-16 мақсаты аясында өткізілді.
Кураторлар: Мүтиголлаева Данагүл, Буканай Нұрайым, Конисбаева Куралай, Шәкір Айдос

Басқа жаңалықтар