Erasmus+ Teaching Staff бағдарламасы аясындағы академиялық ұтқырлық — ҚазҰУ

Erasmus+ Teaching Staff бағдарламасы аясындағы академиялық ұтқырлық

7 қараша 2026
Erasmus+ Teaching Staff бағдарламасы аясындағы академиялық ұтқырлық

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультеті Рекреациялық география және туризм кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент м.а. Байбуриев Руслан Муратович Erasmus+ Teaching Staff бағдарламасы аясында Венгрияның Janos Kodolanyi University университетіне академиялық сапармен барды.

Академиялық ұтқырлық барысында Руслан Муратович университет студенттеріне туризм индустриясына қатысты дәрістер оқып, білім беру және ғылыми-әдістемелік тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, сапар аясында туризм кафедрасының меңгерушісі, профессор Тамара Ратцпен кездесу өтті.

Кездесу барысында туризм саласындағы білім беру үдерісі, академиялық тәжірибе алмасу және жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Аталған академиялық ұтқырлық оқытушылардың кәсіби құзыреттерін арттыруға, халықаралық тәжірибе алмасуға және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен шетелдік жоғары оқу орындары арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Erasmus+ Teaching Staff Mobility – Еуропалық Одақтың Erasmus+ бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарының оқытушыларына шетелдік университеттерде дәріс оқуға, білім беру тәжірибесімен алмасуға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беретін академиялық ұтқырлық бағыты.