- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында ақпараттық кездесу өткізілді
«Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында ақпараттық кездесу өткізілді
2026 жылғы 5 қарашада Абдуллаева Бағила Айдаровна, Манкибаева Сандуғаш Аманжоловна және Давлетова Аяулым Нурболовнаның жетекшілігімен 3 және 4 курс студенттері арасында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында ақпараттық кездесу өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуіне ықпал ету және қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.
Кездесу барысында құқықтық сауаттылықтың қазіргі қоғамдағы маңызы, Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және заң алдындағы жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар жастар арасында кездесетін құқық бұзушылықтардың алдын алу, интернет кеңістігіндегі құқықтық жауапкершілік, кибербуллинг, алаяқтық, жалған ақпарат тарату және қоғамдық ортадағы тәртіп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық жағдайларға қатысты пікір алмасты. Нақты өмірлік мысалдар арқылы заң талаптарын білу ғана емес, оларды күнделікті өмірде дұрыс қолдана білудің де маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесу қорытындысында құқықтық сауаттылық әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігінің маңызды көрсеткіші екені атап өтілді.
Негізгі түйін: «Заңды білу – міндет, оны құрметтеу – мәдениет, ал сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі!»



Басқа жаңалықтар