ТДМ-3. «ӨМІРГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ: ІШКІ РЕСУРС, МОТИВАЦИЯ ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ» ТРЕНИНГІ — ҚазҰУ

ТДМ-3. «ӨМІРГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ: ІШКІ РЕСУРС, МОТИВАЦИЯ ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ» ТРЕНИНГІ

8 қараша 2026
ТДМ-3. «ӨМІРГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ: ІШКІ РЕСУРС, МОТИВАЦИЯ ЖӘНЕ  ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ» ТРЕНИНГІ

«Өмірге құштарлық» психологиялық тренингтері аясында «6B07301 – Геодезия және картография» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерімен куратор-эдвайзер М.М. Әлімбайдың ұйымдастыруымен «Өмірге құштарлық: ішкі ресурс, мотивация және эмоционалдық тұрақтылық» тақырыбында кураторлық ашық сағат өткізілді.

Тренинг барысында студенттерге ішкі ресурстарды анықтау және тиімді пайдалану, жеке мотивацияны арттыру, эмоционалдық тұрақтылықты сақтау және өмірлік қиындықтарды еңсеру жолдары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, өзін-өзі тану, жағымды ойлау, өз мүмкіндіктеріне сену және психологиялық тепе-теңдікті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Практикалық тапсырмалар мен пікір алмасу барысында студенттер өздерінің ішкі әлеуетін бағалап, өмірлік мақсаттары мен құндылықтарын саралауға, жағымды эмоцияларды қалыптастыруға және эмоционалдық жағдайды басқару дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің психологиялық саулығын нығайту, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру, ішкі мотивациясын арттыру және эмоционалдық тұрақтылығын дамыту. Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты – «Денсаулық және әл-ауқат» бағытымен үндеседі және студенттердің психологиялық саулығын нығайтуға, эмоционалдық әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.