Жасанды интеллект әңгімеші рөлінде: шығармашылық, қиял және сторителлинг — ҚазҰУ

Жасанды интеллект әңгімеші рөлінде: шығармашылық, қиял және сторителлинг

9 қараша 2026
Жасанды интеллект әңгімеші рөлінде: шығармашылық, қиял және сторителлинг

2026 жылғы 28 қазанда 4-ТДМ «Сапалы білім беру» аясында қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары – ф.ғ.д., профессор А.Б. Темірболат, PhD, доцент Г.Р. Дәутова – 7M01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттарына арналған «Жасанды интеллект әңгімеші рөлінде: шығармашылық, қиял және сторителлинг» атты интерактивті семинар-тренинг өткізді.

Кездесу заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін, әдеби қиял мен әңгіме құрастыру өнерін тоғыстырған ерекше шығармашылық алаңға айналды.

Тренингтің негізгі құралы ерекше «сәттілік дөңгелегі» болды. Магистранттар дөңгелекті кезекпен айналдырып, ИИ-6 көмегімен әзірленген шығармашылық тапсырмаларды орындады. Әрбір тапсырма қатысушылардың қиялын, өзіндік ойлауын, тың идеяларын және тыңдаушыны қызықтыра білу қабілетін талап ететін жаңа оқиғаны құрастыруға негіз болды.

Алайда ең қызықты сәт семинардың соңында орын алды! Бұл жолы шығармашылық тапсырма жасанды интеллектінің өзіне беріліп, ол да әңгімеші рөлінде өнер көрсетуге тиіс болды.

 

Семинарға қатысушылар оқытушылар, магистранттар және жасанды интеллект құрастырған әңгімелерді тыңдап, талқылады. Оқиғалардың мазмұнын, көркемдік ерекшелігін, эмоционалдық әсерін және өзіндік сипатын салыстыра отырып, кездесудің басты сұрағына жауап іздеді: әңгімені кім жақсырақ баяндайды – адам ба, әлде жасанды интеллект пе?

Семинар жасанды интеллектінің шығармашылық қабілеттерді дамытуға, жаңа идеялар ұсынуға және білім беру үдерісінде өзара әрекеттесудің тың формаларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін қызықты құрал екенін көрсетті. Дегенмен, әңгімеге ерекше тереңдік пен қайталанбас сипат беретін – адамның өмірлік тәжірибесі, қиялы, эмоциясы және әлемді өзіндік қабылдауы.

Технологиялар жаңа мүмкіндіктер ұсынады, ал әңгіме айту өнері әлі де адамнан бастау алады!