ҚазҰУ-да студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының қорытындысы шығарылды — ҚазҰУ

ҚазҰУ-да студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының қорытындысы шығарылды

9 сәуір 2026
ҚазҰУ-да студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының қорытындысы шығарылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2026 жылғы студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсының II кезеңі «Биотехнология» білім беру бағдарламалары бойынша өткізілді.

Конкурс 6В05103 – «Биотехнология» және 7М05109 – «Биотехнология» білім беру бағдарламалары аясында ұйымдастырылып, еліміздің жоғары оқу орындарынан ұсынылған ғылыми жұмыстарды қамтыды.

Конкурстық комиссияның құрамына университеттің тәжірибелі профессор-оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері енгізілді. Комиссия жұмысы университет ректорының 2026 жылғы 9 сәуірдегі №235 бұйрығы негізінде ұйымдастырылды.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) конкурсына 23 ғылыми жұмыс ұсынылды. Сараптау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің I дәрежелі дипломына ҚазҰУ студенті Айтбай Айсара Бауыржанқызы ие болды. Оның ғылыми жұмысы өндірістік ағынды суларды тазарту процестерін зертханалық жағдайда оңтайландыруға бағытталған. Ғылыми жетекшісі – биология ғылымдарының кандидаты, профессор Кистау́баева Аида Сериковна.

II дәрежелі дипломдармен Жазылбекқызы Ақбілек (ҚазҰУ) және Ақанов Айбек (С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті) марапатталды. III дәрежелі дипломдарға Құрманғалиев Дәулет Дастанович, Белғай Сауат Дидарұлы (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) және Қабдиғалиева Шырай Ербулатқызы (ҚазҰУ) ие болды.

Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары (МҒЗЖ) конкурсына 7 ғылыми жұмыс ұсынылды. I дәрежелі дипломмен ҚазҰУ магистранты Мұратқызы Сымбат марапатталды. Оның «Бактериялық целлюлоза негізінде биокомпозиттік маска алу» тақырыбындағы зерттеуі биотехнологиялық материалдарды әзірлеуге арналған. Ғылыми жетекшісі – биология ғылымдарының кандидаты, профессор Кистау́баева Аида Сериковна.

II дәрежелі дипломдарды Артықбаева Дана Ерболатовна (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) және Қалдарбекқызы Айзада (ҚазҰУ) иеленді. III дәрежелі дипломдар Берікoва Мадина Саматқызы (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), Серік Жансая (академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті) және Абдрашит Мөлдір Арыстанбекқызы (М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті) ғылыми жұмыстарына берілді.

Конкурс нәтижелері биотехнология саласындағы жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін, олардың заманауи зерттеу әдістерін меңгеру деңгейін және ғылыми ізденістерінің өзектілігін көрсетті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттер мен магистранттардың ғылыми бастамаларын қолдауға, зерттеушілік құзыреттерін дамытуға және еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән береді.

НИРМ 2026.pdf

НИРС 2026.pdf