Резидент-дәрігерлердің практикалық даярлығы және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру — ҚазҰУ

Резидент-дәрігерлердің практикалық даярлығы және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру

9 қараша 2026
Резидент-дәрігерлердің практикалық даярлығы және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру

Клиникалық даярлық аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультеті хирургия кафедрасының резидент-дәрігерлері диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін меңгереді, практикалық дағдыларын жетілдіреді және хирургиялық емшараларға қатысады.
Хирург резидент-дәрігерлер лапароскопиялық холецистэктомия мен аппендэктомияны, сондай-ақ іріңді ошақтарды ашу мен дренаждауды өздігінен орындайды.
Кардиохирург резидент-дәрігерлер коронарлық шунттау, жүрек қақпақшаларына жасалатын хирургиялық операциялар мен жасанды қан айналым аппаратын қосу операцияларына қатысады.
Уролог-андролог резидент-дәрігерлер циркумцизия жасайды, уретероскопия мен ТУРП кезінде көмектеседі.
Офтальмолог резидент-дәрігерлер тонометрия, офтальмоскопия және биомикроскопия жүргізеді, сондай-ақ катарактаны факоэмульсификация әдісімен хирургиялық емдеуге қатысады.
ЛОР резидент-дәрігерлер ринация мен отоскопия, мұрын қуысының эндоскопиясын жүргізеді, бөгде заттарды алады және қан кету кезінде мұрынның алдыңғы тампонадасын жасайды.


Резидент-дәрігерлердің клиникалық аралауы (обход) қалай өтетінін слайдтан қараңыз: https://canva.link/ce8n129ka8n4tjq

Резидент-дәрігерлердің клиникалық практикадағы жұмысын бейнеден қараңыз: https://www.instagram.com/reel/DffOqxKJ-y2/