Манаш Қозыбаевтың 85 жылдығы

25 қазан, 2016

Конференцияда бас қосқан ғалымдар мен  қоғам қайарткерлері тарих ғылымдарының докторы, профессор Манаш Қозыбаевтың (1931-2002) елге, ғылымға, қоғамға сіңірген үлкен еңбектері туралы ой қозғап, ғалымның тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш идеологтарының бірі болғанын  тілге тиек етті.  М. Қозыбаев  бірінші болып кеңес Одағындағы саяси нәубет құрбандарын ақтау туралы бастама көтерген.  Қазақ ғалымы  1000-нан астам ғылыми және ғылыми-танымдық еңбектердің авторы, жоғары білім ошақтары мен мектептерге арналған 100-ден астам оқулықтың редакциялық алқасын басқарған. Қазақ ұлттық университетінде жұмыс істеген кезеңде қазіргі заманғы Қазақстанныңмәселелерін тексеру жөніндегі жеке зерттеу мектебі құрылды.Конференция барысында  "Өнегелі өмір" сериясынан Манаш Қозыбаев туралы кітабының тұсаукесері өтті.