2026 жылғы 5 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4-курс «Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының студенттері университеттің Биология музейіне оқу-танымдық сапар жасады.
Бұл шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ №15 – «Құрлық экожүйелерін сақтау») аясында, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доцент м.а. Г.К. Рашеваның ұйымдастыруымен өтті.
Биология музейі – табиғаттың алуан түрлілігін, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің байлығын таныстыратын ғылыми-танымдық орталық. Музей экспозициялары арқылы студенттер тірі табиғаттың ерекшеліктерімен танысып, биоалуантүрлілікті сақтау мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы білімдерін кеңейтті.
Сапар барысында студенттер табиғи мұраларды сақтау, экожүйелердің тепе-теңдігін қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері бойынша құнды мәліметтер алды. Мұндай іс-шаралар болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар
9 қараша 2026