Мейірімділік пен өнер – жүректен жүрекке: ҚазҰУ студенттерінің әлеуметтік бастамасы Тұрақты даму мақсаттарына үлес қосуда — ҚазҰУ

Мейірімділік пен өнер – жүректен жүрекке: ҚазҰУ студенттерінің әлеуметтік бастамасы Тұрақты даму мақсаттарына үлес қосуда

7 қараша 2026
Мейірімділік пен өнер – жүректен жүрекке: ҚазҰУ студенттерінің әлеуметтік бастамасы Тұрақты даму мақсаттарына үлес қосуда

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультеті, жылуфизика және техникалық физика кафедрасы білім беру мен ғылыми-ағартушылық қызметті жан-жақты әлеуметтік жауапкершілікпен ұштастыру дәстүрін белсенді түрде жалғастырып келеді. Заманауи университет қабырғасында тек білікті мамандарды даярлап қана қоймай, бойында жоғары адамгершілік пен азаматтық жауапкершілігі бар тұлғаларды тәрбиелеу – білім беру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Осы орайда, кафедра студенттері аға оқытушы Таженова Маржан Султановнаның жетекшілігімен №6 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне арналған салтанатты әрі эмоционалды қайырымдылық концерттік бағдарламасын ұйымдастырды.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға қолдау көрсету және қоғамдағы мейірімділік, теңдік пен инклюзия құндылықтарын кеңінен насихаттау болып табылады. Сонымен қатар, бұл кездесу студенттер мен мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасында достық қарым-қатынас орнатып, өзара түсіністік пен сыйластықты нығайтуды көздеді. Концерттік бағдарлама барысында ҚазҰУ студенттері өздерінің дайындаған вокалдық нөмірлерін, музыкалық аспаптарда орындау өнерін және әсерлі би қойылымдарын ұсынды. Кездесу мектеп тәрбиеленушілеріне зор қуаныш пен жағымды эмоциялар сыйлап, студенттер мен балалар арасында шынайы достық қарым-қатынас пен өзара түсіністік көпірін орнатты.

Мұндай әлеуметтік бастамалар Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) университет қабырғасында және одан тыс жерлерде практикалық деңгейде жүзеге асырудың айқын үлгісі болып табылады. Атап айтқанда, бұл іс-шара келесі маңызды глобалдық бағыттарды қамтиды:

  • 3-мақсат: Жақсы денсаулық және әл-ауқат — балалардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға, жағымды көңіл күй сыйлауға және олардың психологиялық жайлылығын қолдауға бағытталған;

  • 4-мақсат: Сапалы білім — балалардың шығармашылық, мәдени және тұлғалық дамуына қосымша бейформалды білім беру мен эстетикалық тәрбие мүмкіндіктерін жасауды көздейді;

  • 10-мақсат: Теңсіздікті азайту — әрбір баланың жеке ерекшеліктеріне немесе денсаулық мүмкіндіктеріне қарамастан, қоғамдық және мәдени өмірге белсенді қатысуына тең жағдай қалыптастыруды қолдайды;

  • 17-мақсат: Мақсаттар жолындағы серіктестік — жоғары оқу орны мен арнайы білім беру мекемесі арасындағы тұрақты әлеуметтік ынтымақтастық пен достық байланыстарды нығайтуды қамтамасыз етеді.

Мұндай қайырымдылық акциялары студенттердің бойында жанашырлық, қамқорлық, эмоционалды интеллект және қоғамдық белсенділік сияқты маңызды тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда баға жетпес рөл атқарады. Сонымен бірге, бұл бастама жастардың әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамауына және қоғамда инклюзивті ортаны дамытуға өз үлестерін қосуына ықпал етеді. Университет студенттері өздерінің белсенділігі арқылы қоғамның дамуына оң әсер ете алатынын іс жүзінде дәлелдеді.

Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге қолдау көрсеткен аға оқытушы Тәженова Маржан Султановнаға, сондай-ақ концерттік бағдарламаға белсенді қатысқан барлық студенттерге терең алғыс білдіреміз. Бұл кездесу өнер мен мейірімділіктің адамдарды біріктіретін ұлы күш екенін және әрбір игі бастаманың қоғамның тұрақты дамуына өзіндік үлес қоса алатынын айқын көрсетті.