- Басты бет
- ТДМ 15
- ТДМ 17. «Тұрақты даму жолындағы серіктестік» Халықаралық ғылыми байланыстар және академиялық ұтқырлық
ТДМ 17. «Тұрақты даму жолындағы серіктестік» Халықаралық ғылыми байланыстар және академиялық ұтқырлық
2026 жылғы 25–30 қазан аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті Түркітану және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р.А. Авакова мен PhD Ш.Т. Кудьярова қарақалпақстандық әріптестердің арнайы шақыртуымен Нөкіс қаласындағы Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетіне халықаралық ғылыми-академиялық іссапармен барды.
Сапар аясында отандық ғалымдар Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің Қарақалпақ филологиясы және журналистика факультеті мен Өзбек филологиясы факультетінің студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына және жас зерттеушілеріне арнап дәрістер оқыды.
Түркітану және тіл білімі бағытында өткізілген дәрістерде қазіргі лингвистиканың өзекті мәселелері, түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы, қазақ, қарақалпақ және өзбек тілдерінің ортақ лексикалық-семантикалық қабаттары, сондай-ақ заманауи лингвистикалық зерттеу әдістері кеңінен талқыланды.
Кездесу ашық пікірталас форматында өтіп, білім алушылар тіл тарихы, жалпы тіл білімі, түркі тілдерінің даму үрдістері мен заманауи бағыттарына қатысты өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды.
Іссапар аясында БҰҰ-ның 17-Тұрақты даму мақсаты («Тұрақты даму жолындағы серіктестік») шеңберінде халықаралық ғылыми және академиялық ұтқырлықты дамыту, профессор-оқытушылар құрамымен ғылыми-әдістемелік тәжірибе алмасу кездесулері ұйымдастырылды. Тараптар түбі бір түркі халықтарының тілі мен рухани мұрасын зерделеу бағытындағы болашақ ортақ ғылыми жобалар, бірлескен зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын жан-жақты талқылады.
Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Р.А. Авакова, PhD, доцент Ш.Т. Кудьярова.
Басқа жаңалықтар