2026 жылғы 7 қараша күні География және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері №4 студенттер үйінің аумағында сенбілік жұмыстарын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, студенттер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.

Сенбілік барысында студенттер жатақхана аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысты. Осындай игі бастамалар тазалықты сақтауға ғана емес, жастардың бірлігі мен ұйымшылдығын нығайтуға да ықпал етеді.

Таза орта – жайлы өмірдің кепілі!
География және табиғатты пайдалану факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Сакенова Айгерім Нұрланқызы.
Басқа жаңалықтар
9 қараша 2026