DECAN CUP | БІРЛІК. ҚОЗҒАЛЫС. ЖЕҢІС! — ҚазҰУ

DECAN CUP | БІРЛІК. ҚОЗҒАЛЫС. ЖЕҢІС!

3 қараша 2026
DECAN CUP | БІРЛІК. ҚОЗҒАЛЫС. ЖЕҢІС!

  2026 жылғы 3 қараша күні География және табиғатты пайдалану факультетінде студенттер арасында дәстүрлі DECAN CUP футбол турнирі ұйымдастырылды.

  Табиғатты тану мен оны қорғауды басты құндылықтарының бірі санайтын факультетіміз үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың белсенділігін арттыру және командалық рухты нығайту да маңызды бағыттардың бірі.

  Жарыс барысында студенттер өздерінің спорттық шеберлігін, табандылығын, ұйымшылдығы мен жеңіске деген жігерін көрсетті. Алаңдағы тартысты ойындар нағыз командалық рух пен достықтың үлгісіне айналды.

 

Турнир қорытындысы бойынша:

I орын – «Сайлаубектер» студенттер командасы.

 

II орын – «Жастар Рухы» студенттер командасы.

 

  Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Турнирге қатысқан барлық студенттерге белсенділіктері мен жоғары ойын деңгейі үшін алғыс білдіреміз!

  Біздің факультет – білім мен табиғат жанашырларының ғана емес, белсенді, жігерлі және жеңіске ұмтылған жастардың ордасы! 

География және табиғатты пайдалану факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Сакенова Айгерім Нұрланқызы.