Заңды білу – міндет: Құқықтық диалог — ҚазҰУ

Заңды білу – міндет: Құқықтық диалог

15 қазан 2026
Заңды білу – міндет: Құқықтық диалог

2026 жылдың 15 қазаны күні Тарих факультетінің ғимаратында (№4-1 дәрісхана) мемлекеттік ауқымдағы «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында «Заңды білу – міндет: Құқықтық диалог» атты кешенді тәрбиелік-танымдық іс-шара өтті. Ашық кездесуге факультеттің 50 белсенді студенті мен оқытушылары қатысты.

Жиын барысында жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамда «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әкімшілік пен қылмыстық жауапкершілік нормалары жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, студенттер қауымы үшін интернет алаяқтықтан сақтану, киберқауіпсіздік ережелері мен жатақханадағы ішкі тәртіпті қатаң сақтаудың маңызы ерекше атап өтілді. Эркін пікір алмасу форматында өткен диалог барысында студенттер көкейдегі сауалдарына нақты заңнамалық актілерге негізделген жауаптар алып, құқықтық кеңестермен қамтамасыз етілді.