«Сұңқар кубогы» мини-футболдан факультетаралық чемпионат

28 қазан, 2016

«Сұңқар кубогы» мини-футболдан факультетаралық чемпионат

ҚазҰУ-да  25 қазан күні "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кəсіподағының ұйымдастыруымен, ректорымыз Ғалымқайыр Мұтанұлының «Салауатты дене мәдениеті» жобасы аясында мини-футболдан дəстүрлі "Сұңқар кубогы" чемпионаты өткізілді.

Ойынның басты мақсаты – студенттердің бос уақыттарын қызықты өткізу, салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеу, бір-бірімен достық қарым-қатынастарын арттыру, студенттер арасында спорттық ойындарды дамыту болатын. Чемпионатқа 13 факультеттің ең үздік  деген командалары, 6 студенттік ұйымдар жəне ҚазҰУ колледжінен атынан, жалпы саны 21 команда бақ сынасты. Командалар 3 алаңға бөлініп, футбол сүйер қауымға əдемі ойын өрнегін көрсете білді. Ауа-райының қолайсыздығы ойынға кедергі болмады. Ойыншылар керемет көңіл-күймен, жеңіске деген жәгермен алға ұмтылып,  белсенділік танытты.

Факультеттер арасындағы ойын қорытындысы бойынша 3-орынды «Журналистика» факультетінің құрамасы иемденіп, «Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер» театрына жолдама алса, «Тарих, археология және этнология» факультеті командасы, медфактан сәл ғана айырмашылықпен жеңіліп,2- орынды місе тұтты.   "Көлсай көлдері" мемлекеттік табиғи паркіне жолдама алды.  Ал   чемпиондар атағын, кубокті «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің»  құрамасы жеңіп алды. Жеңіс тұғырынан көрінген  медфак командасы «Ыстықкөл спорттық-сауықтыру» лагерінде демалатын болады.

Ұйымдар арасындағы ойын нəтижесі:

3-орын «Студенттік деканат» құрамасы бұйырды. Олар  «Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер» театрына жолдама алды. 2-орын «Студенттік Кеңес» командасы иеленіп, «Kinopark» кинотеатрлар желісіне жолдама алды. 1-орын алған «Болон үдерісі бойынша студенттік бюро», Ыстықкөл спорттық-сауықтыру лагеріне жолдама алды.  Жеңімпаз командаларды шын жүректен құттықтаймыз!

                                                                                                                                Айзада Қасымxан

Меxаника-математика факультетінің 1-курс студенті