Қазіргі таңдағы БҰҰ-ның алатын орны мен тұрақты даму мәселелері
Қазіргі таңдағы БҰҰ-ның алатын орны мен тұрақты даму мәселелері
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде «Қазіргі таңдағы БҰҰ-ның алатын орны мен тұрақты даму мәселелері» атты БҰҰ-ның 71 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – бүгінгі қоғамның бейтарап ұйымы, БҰҰ атқаратын қызметіне жастардың назарын аударып, тұрақты мақсаттарды орындау барысында атқарылатын жұмыстарды талдап ақпарат тарату. Сонымен қатар, кездесу барысында БҰҰ өзара ықпалдастық орталығының, тұрақты даму мақсаттарын іс-жүзінде асырудағы жасалған нақты шаралар мен қадамдар туралы бейнефильм көрсетілді.
1948 жылдан бері әр жылдың 24 қазаны БҰҰ күні ретінде аталып келеді. 1971 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қабылдаған шешімінде, барлық мүше мемлекеттерге аталмыш күнді республика деңгейіндегі мереке ретінде тойлауға кеңес берілген.
Дөңгелек үстелдің жұмысына БҰҰ мен академиялық қауымдастық өкілдері, оқытушылар мен студенттер, Қазақстандағы БҰҰ ақпарат департаментінің өкілі Властемил Самек, БҰҰ гуманитарлық мәселелер басқармасының өкілі Зарина Нурмухамбетова, Ален Куспанов, халықаралық қатынастар факультетінің деканы К. Шакиров, ғылыми-инновациялық қызметі жөніндегі декан орынбасары Л. Деловарова қатысты. Дөңгелек үстел барысында ауқымды сауалдар талқыланып, Қазақстанда тұрақты даму мәселелерінің іске асырылуы туралы берілген мағлұмат бойынша студенттер өз ойлары мен көзқарастарын білдіріп, келген қонақтармен сұхбат жүргізді.