«Адал білім – кәсіби табыстың негізі»
«Адал білім – кәсіби табыстың негізі»
2026 жылғы 9 қарашада акушерлік және гинекология кафедрасының аға оқытушысы Мұқатаева Дариға Азаматқызы «Жемқорлықтан ТЫС университет» жобасы аясында GM 23-05 spring кураторлық тобымен «Адал білім – кәсіби табыстың негізі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, жауапкершілік сезімін дамыту және білім беру үдерісіне адал әрі саналы көзқарастың маңыздылығын түсіндіру.
Кездесу барысында академиялық адалдықты сақтау, білім беру ортасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, сондай-ақ болашақ медицина мамандарының кәсіби қалыптасуындағы этикалық қағидаттардың рөлі туралы мәселелер қарастырылды.
Осындай іс-шараларды өткізу студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға, адамгершілік құндылықтарын нығайтуға және кәсіби құзыреттілігі жоғары, адал әрі жауапты медицина мамандарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар