Индияның әскери элитасы - ҚазҰУ-да
Әль-Фараби кітапханасында Индияның қарулы әскери басқармасы Институты өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Басты мәселе –Орталық Азиядағы қауіпсіздік және екі жақтың жан-жақты қарым – қатынастары жөнінде өрбіді.
Жоғары қонақтарды қарсы алған ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбеткали Бүркітбаев, Индияның қарулы әскери өкілдерінің кезекті келуі, екі жақ қатынастардың жақсы дамып отырғандығының белгісі екенді болса керек екендігін атап өтті.
Осы жолғы делегацияны Индияның қарулы күштер полковнигу Бадринатх Правин мен қорғаныс мәселелері жөніндегі атташесі Колонел Л. Лиддер бастап келді. Бірінші кезекте олар университеттің алып жатқан үлкен аумағына тоқтап, техникалық жағынан жан-жақты қамсыздандырылғанын атап өтті. Делегация өкілдері үшін ҚазҰУ-да келіссөздер жүргізуге барлық жағдайдың бары аса маңызды. Бір айта кетерлігі, Индияның қорғанысты басқару институты 1970 жылдың желтоқсан айында жоғары деңгейдегі офицерлерді дайындау үшін ашылған болатын. Сондықтан делегация құрамындағы мүшелердің басым бөлігі әскери-әуе, теңіз-әскери және басқа да қарулы күштерінің өкілдері болып табылады, олардың 23-і әскери қарулы күштерінің полковнигі атағына ие. Шетел делегациясы республиканың антиядролық бағдарламалары мен аймақтағы көшбасшылық тәжірибесіне назар аударып, екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөніндегі мәселелерін талқылады.