- Басты бет
- Жаңалықтар
- Студенттен – көшбасшыға: ENACTUS KazNU командасы BUSINESS COLLABORATION FORUM 2026 форумында инновациялық жобаларын таныстырып, қорғады
Студенттен – көшбасшыға: ENACTUS KazNU командасы BUSINESS COLLABORATION FORUM 2026 форумында инновациялық жобаларын таныстырып, қорғады
23 қазанда Астана қаласындағы «Radisson» қонақүйінде BUSINESS COLLABORATION FORUM 2026 форумы өтті.
Форумға университеттер мен колледждердің студенттері, сондай-ақ мектеп оқушылары қатысты.
ҚазҰУ командасы форумға белсенді қатысып, өздерінің жаңа жобаларын мақтанышпен таныстырды.
Аталған іс-шара елдің дамуына үлес қосуды көздейтін жаңа идеяларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан жастар үшін таныстық орнатуға, тәжірибе және идея алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.
Сонымен қатар, форум аясында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге еліміздің түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушылары мен студенттер қатысып, өздерінің кәсіпкерлік бастамалары мен инновациялық жобаларын ұсынды. Қатысушылар өз әзірлемелері, олардың практикалық маңызы және болашақта жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы жан-жақты баяндады. Олар идеяларымен бөлісіп, жастар бастамаларының өзекті мәселелерді шешуге бағытталған нақты жобаларға айнала алатынын көрсетті.
Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі – 2026 жылғы ENACTUS ұлттық жарысының финалист командаларының капитандарына Әлем кубогына жолдамалардың табысталуы болды.
«ENACTUS KazNU» командасының капитаны Абдулазиз Амальді шын жүректен құттықтаймыз!
Команданың үйлесімді жұмысының арқасында «ENACTUS KazNU» екі жыл қатарынан ұлттық жарыстарда вице-чемпион атанып, университетіміздің абыройын республикалық деңгейде лайықты қорғап келеді!
Қазіргі уақытта команда алдағы ұлттық чемпионатқа белсенді дайындалып, «Biopatch» және «Agro Carpet» атты жаңа жобалармен жұмыс істеуді жалғастыруда.
Іс-шараның маңызды бөлігі кәсіпкерлік қауымдастық өкілдері мен бизнес-сарапшылардың дәрістері мен баяндамаларын қамтыған білім беру бағдарламасы болды.
Форумның салтанатты ашылуында Альбина Ержанова, Райымбек Баталов, Бразилия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Құрметті елшісі Марсель Фортуна Биато және Дархан Мынбай сөз сөйледі.
Спикерлер қатарында Руслан Мулдашев, Ерлан Каримов және Дәулет Мұқаев болды. Құрметті қонақтардың арасында «КМФ Банк» АҚ Астана филиалының директоры Мұрат Досмұхамедов, «Атамекен-Агро» АҚ Басқарма төрағасы Кинталь Кинтальевич Исламов, сондай-ақ Enactus Kazakhstan Директорлар кеңесі мен Түлектер қауымдастығының мүшелері болды. Олардың қатысуы іс-шараның жоғары деңгейі мен халықаралық ауқымын айқындай түсті.
Кездесулер барысында қатысушылар сала мамандарының практикалық тәжірибесімен танысып, бизнестің заманауи үрдістері туралы ақпарат алып, кәсіпкерлік саласындағы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік алды.
ENACTUS KazNU командасының өнер көрсетуі ерекше назарға ие болып, сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің жоғары бағасына ие болды.
Бұл жетістіктің негізінде команданың бірлігі, үйлесімді жұмысы және кәсіби тәлімгерлік жатыр.
Команда академиялық эдвайзері Лейла Абдрашовнаға қолдауы мен дамуымызға қосқан құнды үлесі үшін, сондай-ақ капитанымыз Абдулазиз Амальға көшбасшылық қасиеттері, жауапкершілігі және ортақ мақсаттарға жету жолында команданы біріктіре білу қабілеті үшін ерекше алғыс білдіреді!
Командамызды құттықтап, алдағы Ұлттық чемпионатта сәттілік тілейміз!
Басқа жаңалықтар