- Басты бет
- Мұражай
- Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы ҚазҰУ тарих музейіне келді
Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы ҚазҰУ тарих музейіне келді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих музейіне Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы келді.
Сапар барысында қонаққа ҚазҰУ-дың қалыптасу және даму тарихы, отандық ғылым мен жоғары білімнің өркендеуіне қосқан үлесі, сондай-ақ университеттің бай тарихи-мәдени мұрасы таныстырылды.
Экспозициялар қатарында өңірдің көпғасырлық тарихын, Ұлы Жібек жолының мұрасын және Шығыстың көрнекті ойшылдарының әлемдік өркениетке қосқан үлесін бейнелейтін материалдарға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар қонақ Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының маңызды символдарының бірі - Алтын адамға арналған экспозициямен танысты.
Сапар аясында музейде жақында өткен «ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміндегі Иран: фотосуреттердегі тарих» атты көрмеге де ерекше назар аударылды. Көрме Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығымен және ҚазҰУ-дың тарих факультетімен бірлесіп ұйымдастырылған болатын.
Көрмеде Иранның ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген 29 тарихи-мәдени нысаны таныстырылды. Олардың қатарында ежелгі Персеполь, Язд қаласы, Исфахан, Шахр-е-Сухте археологиялық ескерткіші, әйгілі парсы бақтары, мешіттер мен керуен-сарайлар бар. Экспозиция келушілерге Иранның бай тарихымен, сәулет өнерімен және мәдени дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік берді.
Аталған сапар Қазақстан мен Иран арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуда, тарихи мұраны дәріптеуде және халықаралық мәдени диалогты дамытуда университет музейлерінің маңызын айқындай түсті.

Басқа жаңалықтар