№52 мектеп-гимназиясының оқушылары ҚазҰУ музейінде — ҚазҰУ

№52 мектеп-гимназиясының оқушылары ҚазҰУ музейінде

9 қараша 2026
№52 мектеп-гимназиясының оқушылары ҚазҰУ музейінде

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейіне Алматы қаласындағы №52 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының физика-техникалық бағытында білім алатын 11-сынып оқушылары келді.

Экскурсия барысында оқушылар еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі – ҚазҰУ-дың қалыптасу және даму тарихымен танысты. Университеттің маңызды тарихи кезеңдері, көрнекті ғалымдары, белгілі түлектері, сондай-ақ отандық ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі туралы ақпарат алды.

Оқушылар университет тарихының 1934 жылдан бастау алатынын, ал 1991 жылы оған Шығыстың ұлы ойшылы, энциклопедист ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің есімі берілгенін білді.

Музей экспозициясы жас ұрпаққа университеттің бай тарихи мұрасын, ғылыми дәстүрлері мен жетістіктерін тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар болашақ талапкерлер үшін университеттің білім беру және ғылыми әлеуетімен жақынырақ танысуға жол ашты.

Жас ұрпақтың ғылымға, білімге және жаңалық ашуға деген қызығушылығы арта берсін!