«Жастар және қоғамдық жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
10 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Жастар және қоғамдық жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны кафедраның ассистент-профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Советхан Баянович Тлеубаев ұйымдастырды. Басқосу Тұрақты даму мақсаттарының №4 «Сапалы білім беру» бағыты аясында өткізілді.
Дөңгелек үстелді Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы меңгерушісінің м.а. Самал Дәрібайұлы ашып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезіндірудің маңызын атап өтті.
Іс-шараның арнайы қонағы – заң ғылымдарының кандидаты, доцент, запастағы полиция полковнигі Өтепов Алпамыс Өтепұлы құқық қорғау саласындағы кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Ол заңсыз әрекеттердің алдын алу, тергеу-тексеру жұмыстарының ерекшеліктері, қызмет барысында кездесетін қауіп-қатерлер мен әскери өмірдің қыр-сыры туралы әңгімеледі.
Дөңгелек үстелге кафедраның ассистент-профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ерхан Карбозов, оқытушылар Алуа Асқар мен Тұрсынбай Ешімов қатысты.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық қауіпсіздік, жеке жауапкершілік және қоғамдық тәртіп мәселелері бойынша пікір алмасты.
Іс-шара жастардың құқықтық танымын кеңейтіп, азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық қауіпсіздікке қатысты саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті. Қатысушылар қонаққа кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, маңызды өмірлік ұстанымдарды жеткізгені үшін алғыс білдірді.
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы
Филология факультеті
Басқа жаңалықтар