ҚаҰУ дипломы жоғары мансап иесі болуға жол ашады
ҚаҰУ дипломы жоғары мансап иесі болуға жол ашады
Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы Корейтану бөлімі студенттеріне болашақта Алматы қаласында ашылатын "Чонг-Ён"(Корея Республикасы) Медициналық қорының клиникасында тағылымдамадан өтуге, ал бітіруші түлектерге жұмысқа орналасуға мүмкіндік туды.
Бұл жайында Қиыр Шығыс кафедрасы мен "Чонг-Ён" Медициналық қорының кездесу нәтижесінде өзара серіктестікке қатысты келісімшартқа қол қойылуынан белгілі болды.
Кепілді түрде жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін келісімшарт ҚазҰУ-нің студенттерді жоғары деңгейде дайындайтындығын көрсетеді. Оңтүстік Кореялық жұмыс берушілердің ҚазҰУ студенттерінің кәсіби құзыреттілігіне деген сенімі енді медициналық салада да байқалып отыр. Қиыр Шығыс кафедрасының түлектері Қазақстан аумағында қызмет ететін оңтүстіккореяның банк жүйесі, сауда саласы, құрылыс және консалтинг ұйымдарының жетекші лауазымына басты үміткерлер болып келеді.
Ресми кездесу барысында Медициналық кор өкілдері Қиыр Шығыс кафедрасы ұстаздары мен студенттеріне арнайы дәріс өткізді. Мамандар қордың атқаратын қызметі, шығыс және батыс медицинасының емдеу техникасы туралы баяндама жасады. "Чонг-Ён" Корея Республикасындағы шығыс медицинасымен айналысатын озық клиникалардың бірі. Сондықтан Корея Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Корей Республикасының Үкіметі "Чонг-Ён" клиникасын қазақстандықтарды корей медицинасымен таныстырып, ақпаратпен қамтамасыз ету үшін таңдаған.
Қиыр Шығыс кафедрасы