- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де азаматтық заңнаманы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де азаматтық заңнаманы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
11 қараша 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде азаматтық заңнаманың нормаларын жетілдіруге және оның конституциялық негіздерін бекітуге арналған «Конституция — Қазақстан Республикасының жаңа азаматтық заңнамасын дамытудың негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті.
Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының ұйымдастыруымен гибридті (онлайн/оффлайн) форматта өткен бұл шарада басты назар азаматтық заңнаманың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларына аударылды. Алқалы жиынға Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның жетекші азаматтық құқық саласының ғалымдары, судьялар корпусы, мемлекеттік орган өкілдері мен заңгер-практиктер қатысып, азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеудегі өзекті мәселелерді ортаға салды.
Маңызды ғылыми жиынға кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұжымы да қолдау білдіріп, белсене қатысты. Кафедра меңгерушісі з.ғ.д., профессор Куаналиева Гульдана Амангельдиевна бастаған профессор-оқытушылар құрамы іс-шараға қатысып, азаматтық заңнаманың сабақтас салалармен өзара байланысы мен конституциялық қағидаттардың азаматтық-құқықтық институттарға ықпалын талқылауда өздерінің кәсіби пайымдарын білдірді.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар жаңа азаматтық заңнаманың негізгі бағыттарын, жеке құқықтық нормалардың қолданылу практикасын, мүліктік және мүліктік емес қатынастарды құқықтық реттеудің тиімділігін сараптап, халықаралық әріптестермен өзара тәжірибе алмасты.
Халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өте жоғары деңгейде өтті.
Басқа жаңалықтар
11 қараша 2026
11 қараша 2026
11 қараша 2026