БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӘРІПТЕСТІК – ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ! — ҚазҰУ

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӘРІПТЕСТІК – ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ!

6 қараша 2026
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӘРІПТЕСТІК – ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ!

2026 жылғы 6 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті Түркітану және тіл теориясы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен «8D02303 – Лингвистика» білім беру бағдарламасының докторанттары Алматы экономикалық-құқықтық және педагогикалық колледжінде «Кәсіби бағдар беру ғылыми-тәжірибелік семинарын» өткізді.

Семинардың мақсаты – білім алушылардың лингвистика ғылымына қызығушылығын арттыру, тілдік құзыреттіліктің кәсіби қызметтегі маңызын түсіндіру және болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт-бағдар беру.

Ғылыми-тәжірибелік кездесу барысында жалпы лингвистика, заңдық лингвистика, сот риторикасы, сот-лингвистикалық сараптама және кәсіби коммуникация бағыттары бойынша баяндамалар ұсынылды. Қатысушылар тіл білімінің теориялық және қолданбалы мүмкіндіктерімен танысып, өзара пікір алмасты.

   Іс-шара білім алушылардың ғылыми дүниетанымын кеңейтуге, кәсіби бағдарын қалыптастыруға және жоғары оқу орны мен колледж арасындағы академиялық әрі ғылыми-әдістемелік ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

 

Білім – болашақтың негізі, ал ынтымақтастық – тұрақты дамудың кепілі!

 

Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының профессор-зерттеушісі, ф.ғ.д. Мәдиева Гүлмира Баянжанқызы; Түркітану және тіл теориясы кафедрасының профессор-зерттеушісі, ф.ғ.д. Ибраева Жанар Құлматқызы; Түркітану және тіл теориясы кафедрасының профессор-зерттеушісі, ф.ғ.к. Таусоғарова Аяужан Қайратқызы; «8D02303 – Лингвистика» мамандығының докторанттары Ерсұлтанова Қаракөз, Жамалбек Асқар, Саткенова Жанар Бағашарқызы.